Имаканова С. У. кітапханашысы 2 «А» сынып оқушыларымен жол қозғалысы ережелері (ЖҚЕ) бойынша кітапханалық сабақ өткізді.
Іс-шараның мақсаты — жазғы демалыс кезінде балалардың жолда жүру қауіпсіздігі туралы білімдерін нығайту және жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Сабақ барысында оқушылар жол белгілерімен танысып, көшеден дұрыс өту және жолда қауіпсіз жүру ережелерін қайталады.
