Бүгін 9–11 сынып оқушыларына «Жастар Мед» медициналық орталығының мамандарымен ер балалардың денсаулығы және аурулардың алдын алу тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылар өз денсаулығын сақтау жолдары туралы маңызды ақпарат алып, мамандарға сұрақтарын қойды.
Осындай кездесулер жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, ақпараттану деңгейін көтереді.
