Бүгін салауатты өмір салтын қалыптастыру жоспары аясында мектебімізде 9-сынып оқушыларына арналған медициналық колледж өкілдерімен практикалық кездесу өтті.
Кездесу барысында нашақорлық пен темекі шегудің алдын алу тақырыптары қарастырылды. Мамандар зиянды әдеттердің жасөспірімдер денсаулығына тигізетін кері әсері туралы айтып, қауіпті әдеттерге «жоқ» деп айта білудің маңыздылығын түсіндірді.
Сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясы бойынша шеберлік сабағы ерекше қызығушылық тудырды. Оқушылар алғашқы көмек көрсету алгоритмін меңгеріп қана қоймай, өмірді сақтап қалу дағдыларын тәжірибе жүзінде орындап көрді.
