Мектебімізде 6-сынып оқушыларына арналған «Жеке гигиена: өз-өзіңе қалай дұрыс күтім жасау керек?» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Медициналық колледж мамандары күнделікті күтім жасау ережелері, тазалықтың маңызы және аурулардың алдын алу туралы айтып, оқушыларға пайдалы кеңестер берді.
Сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясы бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылып, оқушылар төтенше жағдайда әрекет ету алгоритмімен танысып, тәжірибе жүзінде орындап көрді.
Пайдалы, қызықты әрі әркім үшін маңызды кездесу болды!

