27.03.2026 Біздің мектепте «Өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін дамыту – болашақ табыстың кепілі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Кеңес барысында білім беру үдерісіндегі биохакинг және ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін қалыптастыру (Нестерова И.В.), сондай-ақ білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу және МОДО мен ҰБТ-ның алдын ала қорытындылары (Есенова К.А.) қарастырылды.
Практикалық бөлім «Педагогикалық идеялар караокесі» форматында өтті. Педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, 10–11 сыныптарда ғылым, технология және ағылшын тілін кіріктіру (Абилова Ф.А.), жаратылыстану-математикалық бағыттағы практико-бағдарланған тапсырмалар (Мукашов Т.С.), математика сабақтарында цифрлық және ЖИ құралдарын қолдану (Алипова Ш.Б.), «Тиімді әдіс – сапалы нәтиже» тақырыбы (Зиябек А.Д.), бәсекеге қабілетті оқушыны қалыптастырудың ойын моделі (Пушкарская К.В.), сондай-ақ техникалық бейіндеудің бір тетігі ретінде «Инженерлік академия» тәжірибесін (Аманкулов А.У.) ұсынды.
Кеңес соңында рефлексия жүргізіліп (Ничипуренко В.В., Глушань Е.И.), педагогтер пікір алмасып, алдағы даму бағыттарын айқындады.
