"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+

Бүгін мектепте «Сарбаз шинеліндегі ән» атты соғыс жылдарындағы хор әндері фестивалі өтті. Іс-шара еліміздің тарихындағы ерлікке толы кезеңдерді еске алуға, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың батырлығын дәріптеуге арналды.

Фестивальге 5-сынып оқушылары белсенді қатысты. Әр сынып өз өнерін көрсетіп, шығармашылық нөмір ұсынды. Ұжымдар соғыс жылдарындағы белгілі әндерді орындап, сол дәуірдің рухын, майдандағы жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің сезімін жеткізе білді. Көрермендер өнерпаздарды жылы қабылдап, қол шапалақтап қолдау көрсетті.

Фестиваль әсерлі де салтанатты жағдайда өтіп, барша қатысушыларды ортақ тарихымызға деген құрмет пен мақтаныш сезіміне бөледі.