Ұлы мереке қарсаңында мектепте «Поклонимся Великим тем годам» атты іс-шара өтті. Оған бастауыш буын оқушылары мен 8-сынып оқушылары қатысты. 🇰🇿
Әрбір қойылым соғыс жылдарындағы халықтың ерлігі, батырлығы мен рухының мықтылығын еске салды.
Жас қатысушылар сахнада өнер көрсетіп қана қоймай, тарихты терең сезініп, батырлар рухына тағзым етіп, жеңіс әкелген аға буынға алғыстарын білдіруге тырысты.
Осындай іс-шаралар оқушылардың ел тарихына деген құрметін арттырып, патриоттық сезім мен ата-баба ерлігіне деген мақтаныштарын қалыптастырады.
