Мектептің кәсіподақ комитеті педагогикалық еңбек ардагерлерін келе жатқан 8 наурыз мерекесімен жылы құттықтады. Ардагерлер мектептегі мерекелік концертке қатысып, оларға қызғалдақ гүлдері табысталды.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Аманқұлов Алмат Ұзақбаевич концертке келе алмаған ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, оларды мерекемен құттықтап, көктемгі қызғалдақ гүл шоқтарын сыйлады.
