8 «Д» сынып оқушылары Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Отбасы» атты ғалам» тақырыбындағы іс-шараға қатысып, кітапханаға танымдық экскурсия жасады
Кездесу барысында оқушылар отбасы құндылықтары, сыйластық, өзара түсіністік пен қолдау туралы ой бөлісті. Сонымен қатар түрлі танымдық және шығармашылық тапсырмаларға қатысып, отбасының адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты
Іс-шара жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және отбасыға деген құрметті қалыптастыруға бағытталды!
