Эстетикалық цикл мен технология онкүндігі аясында мектепте «Қазақстан өнері» атты ақпараттық қабырға безендірілді. Онда музыка және бейнелеу өнері саласындағы көрнекті өнер қайраткерлері туралы мәліметтер ұсынылды. Ақпараттық қабырғаны безендіруге Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Өнер кафедрасының студенттері қатысты.
