2026 жылғы 6 ақпанда Қостанай қаласында IV облыстық «#ОқыжәнеЖең» оқырмандар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқау жүлдегерлері атанған мектебіміздің оқушылары: Бисембина Диана (9 «Г»), Нурпеисова Камила (9 «Д»), Харина Ирина (9 «Г») және Халитова Алима (9 «Д»).
Үш ай бойы қатысушылар қазақстандық және шетелдік авторлардың шығармаларын оқып, тест тапсырмаларын орындап, эссе жазу арқылы жоғары оқырмандық сауаттылықтарын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша мектеп грамотамен марапатталды. Бұл — педагогикалық ұжымның және жетекші Семёнова Н. А. еңбегінің нәтижесі.
Жүлдегерлерге алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!
