«№ 8 ЖББМ» КММ-де педагог-психологтар Глушань Е.И., Ничипуренко В.В. «Психология» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттермен бірлесе отырып, бастауыш сынып оқушыларымен «Менің эмоциялар әлемім» тақырыбында тренингтік сабақ өткізді.
Іс-шараның мақсаты – балалардың эмоционалдық интеллектін дамыту, өз эмоцияларын танып, дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ бір-біріне деген мейірімді және құрметті қарым-қатынасты дамыту.
