Мектепте 1–11 сынып оқушыларына арналған «Менің ардақты атамның майдан тарихы» атты ерлік сабағы өтті.
Іс-шара Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін ұмытпауға, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен аға буынға деген құрметті қалыптастыруға бағытталды. Оқушылар өздерінің соғысқа қатысқан аталары мен әжелері туралы әңгімелер айтып, отбасылық естеліктерімен, фотосуреттерімен бөлісті.
Балалар майдангерлердің ерлігі, батылдығы, төзімділігі мен Отанға деген сүйіспеншілігі туралы қызықты мәліметтер алды. Кейбір оқиғалар қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, тарихи жадымызды сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салды.
Ерлік сабағы әсерлі әрі тағылымды жағдайда өтіп, оқушылардың жүрегінде патриоттық рух пен мақтаныш сезімін оятты.
