"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+

МИФ пәндер онкүндігі аясында 7-сынып оқушылары арасында қызықты математикалық квест-ойын өтті.

Алты бекет — алты тапсырма және жеңіске бастар бір ғана жол! Командалар математика және информатика пәндері бойынша логикалық есептер шығарып, есептеу тапсырмаларын орындап, алгоритмдер мен кодтау элементтері бойынша білімдерін сынады. Әр дұрыс жауап келесі кабинет нөміріне бағыт беріп, қатысушыларды кезең-кезеңімен мәреге жақындатты.

Ойын тартысты әрі достық бәсеке жағдайында өтті. Оқушылар өздерінің білімдерін, шапшаң ойлау қабілеттерін және командалық бірлігін көрсете білді.

Ойынды ұйымдастырып, өткізген мұғалімдер: Аманкулов А.У., Алипова Ш.Б., Мукашов Ж.Т.

Барлық қатысушыларға белсенділік пен білімге деген құлшыныстары үшін алғыс білдіреміз!