Ұлы Жеңіс күніне орай мектеп кітапханасында ерлік пен елдікке арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені мектеп кітапханашысы Имаканова С.У. дайындады.
Көрмеге Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, майдангерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі жайлы материалдар қойылды. Көрме оқушыларға тарихымызды тереңірек танып білуге, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға, ардагерлерге құрмет көрсетуге бағытталған.
Бейбіт өмір сыйлаған батырлардың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталсын!
