Қостанай қаласы білім бөлімінің «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Қостанай қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері оқушылармен каникул кезеңінде заңдылықты сақтау тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелері, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, интернет-алаяқтықтың қауіптері мен нашақорлықтың алдын алу мәселелері туралы ақпарат берілді.
Іс-шара соңында оқушылардың жауапты мінез-құлқын қалыптастыру және есірткі қолдануға теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында нашақорлық тақырыбындағы деректі фильм көрсетілді.
