Бүгін біздің мектебімізде «Бұл әлем қандай керемет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті
Сабақ барысында біз айналамыздағы әлемнің сұлулығын байқай білу туралы әңгімелестік. Табиғаттың әсемдігін, адамдар арасындағы мейірімділікті және өмірдегі қарапайым сәттердің қадірін түсіну қаншалықты маңызды екенін талқыладық.
Осындай кездесулер бізге маңызды нәрселер туралы ойлануға көмектеседі. Әрқайсымыз мейірімділік, құрмет және қамқорлық арқылы әлемді одан да әдемі ете алатынымызды түсіндік
