"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+

14 наурыз – қазақ халқы үшін ең шуақты, ең жүрекке жылы күндердің бірі. Бұл күн Көрісу күні деп аталады. Адамдар бір-бірімен сағынысып қауышып, құшақ жайып амандасып, ақжарма тілектерін айтып, қуаныштарын бөліседі.

Осы әсерлі мерекеден біздің мектебімізде көктемнің ұлы тойы – Наурыз мейрамы апталығы басталды. Мұғалімдер мен оқушылар бір-бірін жылы жүзбен қарсы алып, құшақтасып, ізгі тілектерін білдірді. Мектеп іші мейірімге, шынайылыққа және көктемнің жаңару лебіне толды.