Педагогикалық ұжыммен Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа Заң жобасын талқылау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында заң жобасының негізгі ережелері, оның мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіндегі білім беру ұйымдары мен педагогтердің рөлі қарастырылды.
Талқылау ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға сұрақтар қоюға және өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік берілді.
