«Даналық мектебі» жобасы аясында Наурыз мейрамы қарсаңында ардақты әжелеріміз оқушыларға танымдық іс-шара өткізіп, қазақтың ұлттық «бесікке салу» рәсімін көрсетті.
Балалар ұлттық дәстүрлердің мән-мағынасымен танысып, ұрпақтар сабақтастығын сезінді.
Іс-шара соңында әжелердің бірі көктем туралы әсем ән орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.
