Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында мектебімізде қазақ тілі мұғалімдерінің ұййымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларды халқымыздың бай мәдениетімен таныстыру, ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығын арттыру және бірлікке, ептілікке тәрбиелеу.
Ұлттық ойындар – халқымыздың мәдени мұрасының бір бөлігі. Осындай шаралар арқылы оқушылар ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерді танып, оны құрметтеуге үйренеді. Сонымен қатар балалар үшін бұл күн өте қызықты әрі есте қаларлықтай өтті.
