8 наурыз мерекесі қарсаңында мектебіміздің оқушылары «Ғылым мен өнердегі әйел бейнесі» атты қызықты әрі танымдық тақырыпты өтті.
Оқушылар ғылым, мәдениет және өнердің дамуына зор үлес қосқан көрнекті әйелдермен танысып, олардың жетістіктері мен қазіргі қоғамға әсері туралы талқылады.
Бұл сабақ оқушыларға әйелдердің тарихтағы және қоғамдағы рөліне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, оларды жаңа білімге, ізденіске және шығармашылыққа шабыттандырды.
Ұлы әйелдердің жарқын үлгісі әрқашан білімге ұмтылуға, дамуға және биік армандарға жетуге жігер берсін!
