Профилактикалық жұмыс аясында, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында 9–11 сынып оқушылары «Дроп» фильмін тамашалады. Көрсетілімнен кейін сынып жетекшілері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның барысында құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік және олардың салдары мәселелері талқыланды.
