Біздің мектебімізде Таланттар фестивалі эстетикалық цикл мен технология онкүндігі аясында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биыл да мектеп сахнасы оқушыларымыздың орындауындағы жаңа әрі жарқын шығармашылық нөмірлермен көрермендерді қуантты.
Фестивальге белсене қатысып, әсерлі де есте қаларлық музыкалық қойылымдар дайындаған барлық сынып жетекшілеріне және мектеп оқушыларына шынайы алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ Колыванова О.Н. – мектептің музыка пәні мұғаліміне, Проценко В.А. – АКТ жөніндегі директордың орынбасарына, Мукашов Ж.С. пен Абилева А.А. – информатика пәнінің мұғалімдеріне, Карпович А.Д. – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің филология факультетінің 3-курс студентіне және Жуматаева С.Р. – аталған университеттің Өнер кафедрасының студентіне Таланттар фестивалін өткізуге белсенді қатысқандары үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
