7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мектебімізде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені мектеп кітапханашысы Имаканова С.У. дайындап, безендірді.
Көрмеде Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихы, елін қорғаған батырлардың ерлігі туралы кітаптар, сондай-ақ әскери тақырыптағы көркем әдебиеттер ұсынылды. Көрменің мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отан қорғаушыларға деген құрметті арттыру және ел тарихына қызығушылығын ояту.
Бұл көрме оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесін қосады.

