«Бізде тамаша жаңалық! Біз жеңімпаздар қатарындамыз!
Мектебіміз Қостанай облысы білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Neco» экологиялық клубы ұйымдастырған облыстық экологиялық идеялар байқауының жүлдегері атанды. «Таза Қазақстан — эко мектептер» бастамасы шеңберінде ұсынылған «Эко-бокс: мектепте экологиялық мәдениетті қалыптастыру» жобамыз сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, үздіктер қатарынан көрінді».

