#ДосболLIKE:мывсеравные2026 республикалық челленджі аясында мектебімізде оқушылар арасында достық, сыйластық және сыныптағы жағымды атмосфера тақырыбында сауалнама жүргізілді
Сауалнама барысында оқушылар:
«Достық дегеніміз не?»
«Сыйластықты қалай түсінесің?»
«Достық пен қолдау не үшін маңызды?» деген сұрақтарға өз ойларымен бөлісті.
Оқушылар шынайы достықтың мәні, бір-бірін құрметтеу мен қолдаудың маңыздылығы туралы айтып, тату әрі қауіпсіз сыныптың қандай болуы керектігі жөнінде пікірлерін білдірді
Осындай іс-шаралар өзара түсіністік пен эмпатияны қалыптастырып, жанжалсыз қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және әр бала үшін қолайлы білім беру ортасын құруға ықпал етеді
