Наурыз мерекесі қарсаңында 1 «Д» сыныбының ата-аналары балаларға арнап қазақтың дәстүріне негізделген «Дорба шоу» атты қызықты іс-шара ұйымдастырды. Бұл дәстүр кейбір балаларға бұрыннан таныс болса, енді бірі алғаш рет танысты. Балалар үлкен қызығушылықпен, қуанышпен қатысып, ешқайсысы сыйлықсыз қалмады.
