"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
AA+
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі
"№ 8 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімі

Орыс тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында 7-сынып оқушылары арасында оқуға қызығушылықты арттыруға, әдеби танымды кеңейтуге және сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Әдеби шығармалар беттерімен» атты танымдық-шығармашылық іс-шара өткізілді.

Іс-шара әдеби саяхат форматында ұйымдастырылып, оқушылар мектеп бағдарламасына енген орыс әдебиетінің белгілі шығармалары бойынша тапсырмалар орындады: үзінділер арқылы шығарма мен авторды анықтады, қанатты сөздердің мағынасын түсіндірді, ребустар шешіп, «Кейіпкерді тап» викторинасына қатысты.

Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырып, көріністер қою, әдеби кейіпкерлер бейнесі бойынша синквейн құрастыру арқылы олардың қиялын, артистік қабілетін және топта жұмыс істеу дағдыларын дамытты.

Аталған іс-шара онкүндіктің жарқын оқиғасына айналып, классикалық әдебиеттің қазіргі заман оқушысы үшін де өзектілігін көрсетті.