Эстетикалық цикл және технология пәні мұғалімдерінің ӘБ онкүндігі аясында мектепте білім алушылардың сәндік-қолданбалы өнер көрмесі өтті.
Оқушылардың жұмыстары әртүрлі техникасымен, ұшқыр қиялымен және шығармашылық көзқарасымен ерекшеленді. Әрбір жұмыс — еңбектің, шыдамдылықтың және өнерге деген сүйіспеншіліктің нәтижесі.
Шығармашыл оқушылар мен олардың жетекші ұстаздарына шабыт пен сұлулық үшін алғысымызды білдіреміз!
