Біздің мектебімізде 4-сынып оқушыларының бастауыш мектепті аяқтауына арналған салтанатты жиын өтті.
Бұл күн біздің түлектеріміз үшін маңызды белес болды — алғашқы жаңалықтар, сабақтар, жетістіктер мен жарқын мектеп сәттері артта қалды. Оқу жылдары ішінде оқушылар білім алып, достар тауып, жаңа белестерге алғашқы қадамдарын жасады.
Іс-шара барысында жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылды.
Бастауыш мектеп түлектерін құттықтаймыз! Оларға қызықты жаңалықтар, өзіне деген сенімділік, оқуда табыс және алдағы уақытта жарқын жетістіктер тілейміз!
