Бүгін № 8 мектептің педагогикалық еңбек ардагерлері «Балалар ұстаздарды құттықтайды» атты қайырымдылық акция-концертіне қатысты. Іс-шара педагогикалық еңбек ардагерлері — «Қорғау» ҚБ Кәсіподағының мүшелеріне арналған Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды.
Бұл шара саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту ісіне арнаған жандарға деген шынайы ризашылық пен терең құрметтің белгісі болды.
Мерекенің жылы атмосферасы, балалардың өнер көрсетулері, алғыс сөздер мен ізгі тілектер ардагерлерге қуаныш сыйлап, олардың көпжылдық еңбегінің маңыздылығын сезіндірді.
Осындай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұстаз мамандығының қоғамдағы ерекше орнын айқындай түседі.
