Құттықтаймыз!
Қостанай қаласындағы №8 мектептің 4 «Е» сынып оқушысы Бақытжан Ерланды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бақытжан Ерлан Алматы қаласында өткен халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауында кіші жас ерекшелігі тобы бойынша І орынға ие болды.
Сонымен қатар, ол Алматы қаласында өткен «Grand Stage 2:0» халықаралық конкурс-фестивалінде ең жоғары марапат – Супер Гран-при иегері атанды. Бұл – байқаудың ең үздік қатысушыларына берілетін ең жоғары жүлде.
Бұл жетістіктер – талмай еңбектің, зор таланттың, шығармашылық ізденістің және жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесі.
Жас дарынға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістер мен толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
Жеңісің құтты болсын, Бақытжан Ерлан! Біз сені мақтан тұтамыз!
