Ауған соғысы (1979–1989) — тарихтағы ең ауыр әрі қасіретті кезеңдердің бірі. Бұл соғыс мыңдаған жас өмірді жалмап, талай отбасының жүрегіне өшпес жара салды. Ол ерлік пен борышты, төзім мен сабырды талап еткен сын сағаты болды.
Көрмеге қойылған кітаптар сол жылдардағы оқиғаларды, соғыс жолынан өткен жас сарбаздардың тағдырын, жауынгерлердің ерлігі мен адам өмірінің қымбаттығын баяндайды. Ардагерлердің естеліктері, деректі және көркем шығармалар арқылы оқырман өткенге көз жүгіртіп, тарихтан тағылым алады.
Аталған кітап көрмесі мектеп кітапханашысы Досова С.К, Имаканова С.У, тарапынан ұйымдастырылды. Көрме — интернационалист жауынгерлерге көрсетілген құрмет пен бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын тағзым.

