Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының « Қостанай қаласы білім бөлімінің ЖББМ №8 мектебінде 12 наурыз күні «Тұлпар мініп, ту алған!» жобасы аясында «Алпамыс – ерлік пен елдіктің символы» атты мектепшілік байқау өтті. Байқаудың мақсаты – қазақ халқының батырлық дәстүрін дәріптеп, оқушылардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру. Іс-шараға 9 сынып оқушылары қатысып, жырдан үзінділер оқылды. Қатысушылар мәнерлеп оқуымен және сахналық образдарымен ерекшеленді. Соңында оқушыларға «Алпамыс батыр» туралы қосымша аңыз-әңгімелер көрсетіліп, жеңімпаздар марапатталды.
