03 наурыз күні 2 және 5-сынып оқушыларына «Алаяқтық. Буллинг. Мектепте және көшеде өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді.
Дәрісті Қостанай қаласы ПБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Сакытбаев Т.А. жүргізді.
Кездесу барысында инспектор алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтып, алданудың алдын алу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ мектепте және көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Буллинг тақырыбына ерекше назар аударылып, оның зияны мен салдары, сондай-ақ көмек сұрауға болатын орындар туралы айтылды.
Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу соңында инспектор балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қырағы болуға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды.
