Бүгін мектеп өміріндегі маңызды белестердің бірі – 9-сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты өтті.
Бұл күн – оқушылардың көп жылғы еңбегінің, ізденісі мен жетістіктерінің нәтижесі. Түлектер алғашқы білім туралы құжаттарын алып, болашаққа нық қадам басты.
Жас түлектерді осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы өмір жолында білімге құштар болып, армандарына жетіп, биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз.
Сондай-ақ шәкірттерге сапалы білім мен тәрбие берген ұстаздарға және әрдайым қолдау көрсеткен ата-аналарға зор алғысымызды білдіреміз.
Ақ жол, жас түлектер! Болашақтарың жарқын, армандарың асқақ болсын!
