КММ «ЖББМ №8» білім ордасында Жоғары кәсіпкерлік колледжі КИНЭУ өкілдерімен кездесу өтті.
Колледж мамандары 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларға даярлау бағыттары, оқуға қабылдау шарттары, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру мүмкіндіктері және одан әрі білім алу перспективалары туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандықты таңдау жөнінде толық мәлімет алды.
