9-сынып оқушылары «Солдат шинеліндегі ән» атты іс-шараға ерекше дайындықпен келді. Әр сынып 9 мамырға орай өздерінің жеке қойылымдарын ұсынып, сахнада патриоттық рухты, тарихқа деген құрмет пен батырларға деген алғысты көрсете білді. Оқушылар ән, көрініс және шығармашылық нөмірлер арқылы көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әрбір қойылым мазмұнға толы, жүрекке жететіндей деңгейде өтті.
