Мектебімізде 8–11 сынып оқушыларына арналған саптық жиын өтті. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды
Мектеп директоры Унайбекова Р.Б. оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау туралы айтты. Атап айтқанда, оқушылардың сыртқы келбеті, сабаққа кешікпеу және оқуға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне тоқталды.
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Бурцева А.П. кәмелетке толмаған оқушылардың кешкі уақытта ересектердің (ата-аналардың) бақылауынсыз жүруіне жол берілмейтінін еске салып, қауіпсіздік пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.
Жиын соңында қалалық олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды. Марапаттауды ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Нестерова И.В. жүргізді.
Жүлдегер оқушыларды құттықтаймыз және алдағы уақытта толағай табыс тілейміз!
