2026 жылғы 15 мамыр күні Отбасылық тәрбие мектебінде«2026 жылғы жазғы кезеңде балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысты мектеп директоры Унайбеков Р.Б. кіріспе сөзбен ашты.
Кездесу барысында балалардың жазғы демалысы, қауіпсіздігі және психологиялық әл-ауқатына қатысты маңызды мәселелер қарастырылды:
«Жазғы демалысты ұйымдастыру» — Абаева А.М., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
«Профилактикалық есепте тұрған қиын жасөспірімдермен жазғы кезеңдегі жұмыс» — Бурцева А.П., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
«“Заң және тәртіп” жобасы аясындағы жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы» — Бакиджанова Улболсын Газизкановна, прокуратура ардагері, әділеттің кіші кеңесшісі;
«Синтетикалық есірткілер және біздің балалар: қорғау және алдын алу. Туберкулездің профилактикасы» — Кажевина Шамиля Шамилевна, Қостанай облысы Полиция департаментінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан нашақорлықтың алдын алу жобасының психологі;
«Психологиялық әл-ауқат. Жыл қорытындысы және жаңа қолдау құралдары» — Коротченко О.Э., мектеп психологі.
Барлық қатысушыларға балалардың қауіпсіздігі
