Мектеп кітапханасында 1-сынып оқушыларының кітапханамен алғашқы танысу кездесуі өтті. Бұл кездесу балалар үшін кітаптар әлеміне жасалған алғашқы қадам болды.
Кітапханашы Имаканова С.У., Досова С.К, оқушыларға кітапхананың не екенін, кітапты қалай ұқыпты ұстау керектігін, кітаптың адамға берер пайдасын түсіндірді. Балалар түрлі-түсті, қызықты кітаптарды тамашалап, ертегі кейіпкерлерін таныды.
Кездесу барысында оқушылар ойын тапсырмаларына қатысып, жұмбақтар шешті, сүйікті ертегілерін еске түсірді. Сабақ жылы, көңілді және танымдық түрде өтті.
Бұл кездесу оқушыларға жақсы әсер қалдырып, оларды кітап оқуға қызықтыра түсті.
